Еліміздің барлық өңірінде архивтерде Ашық есік күні өтіп жатыр

Еліміздің барлық өңірінде архивтерде Ашық есік күні өтіп жатыр
Сурет: 24.kz

«Архив және болашақ ұрпақ» атауымен еліміздің барлық өңіріндегі архивтерде Ашық есік күні өтуде.

Жалпы, республика бойынша 220-ға жуық архив бар. Онда 26 миллион құжат сақталған. Дәл бүгін мектеп оқушылары мен студенттер сол мұрағатқа барып, құнды құжаттармен танысып, тарихқа терең бойлай алады. Астанадағы ұлттық архив те жеткіншектерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалпы, әлемнің әрбір мемлекетінің өркениеттік өлшемі, дамуы барлығы осы архивтермен тікелей байланысты. Өйткені жазба тарихтың барлығы осында жатыр. Соны жас ұрпақ ұстап өз көзімен көріп, еліміздің XVI ғасырдан бастап қазіргі кезге дейінгі тарихты көрсе, олардың бойларында ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады», - дейді Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.