Еліміздің, әсем қаламыздың атын паш етіп, биіктен көріне беріңіздер!

Еліміздің, әсем қаламыздың атын паш етіп, биіктен көріне беріңіздер!
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың мектеп түлектеріне үндеуі

Қымбатты жас түлектер!

Сіздер үшін бүгін – ерекше күн. Өйткені жүректері қуаныш пен арманға толы әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа белестің бастамасы. Осыдан 11 жыл бұрын мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққалы тұрсыздар.

Биылғы жылы қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек аяқтағалы отыр. Алда үлкен сынақ – мемлекеттік емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы сыннан барлығыңыздың сүрінбей өтулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Алған білімдеріңіздің арқасында сіздер әлемнің немесе еліміздің кез келген жоғары оқу орнын таңдай аласыздар. Тек Алматының өзінде 36 жоғары оқу орны бар. Таңдаған оқу орындарыңызға түсіп, қалаған мамандық иесі болыңыздар.    

Армандарыңызға қол жеткізіп, ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар. Еліміздің, әсем қаламыздың атын паш етіп, биіктен көріне беріңіздер!