Елімізді аптап ыстық әлі де сақталады

Елімізді аптап ыстық әлі де сақталады
almaty-akshamy.kz

 «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы блады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғады. ҚР солтүстік-батысында түнде және таң ата тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39°с аптап ыстық болады, Маңғыстау облысында 38-41°с ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.