Еліміздегі сайлау учаскелерінің қаншасы пандустармен қамтамасыз етілген?

Еліміздегі сайлау учаскелерінің қаншасы пандустармен қамтамасыз етілген?
Сурет: Inform.kz

Еліміздегі 8 мыңнан астам сайлау учаскелерінің 35 пайызында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған.

2600-ден астам сайлау учаскелерін пандустармен қамту мәселесі толық шешілмеген. Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Комиссия мүшелері бұл адам құқықтарын бұзу екенін ескертіп, олқылықтардың орнын толтыруды талап етті. "Осы мәселені жергілікті әкімдік пен құзыры орындар бақылауға алуы тиіс", - дейді комиссия мүшелері.