Мемлекет басшысы Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Norma.uz

ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚазАқпарат оқырман назарына Жарлықтың толық мәтінін ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 22 желтоқсан №219