Еліміздегі колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтеді

Еліміздегі колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтеді
Сурет: интернеттен

Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады.

Еліміздегі колледж студенттері үшін алмасу бағдарламасы бойынша Германияда білім алуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ пен «Fav service gGmbH» неміс компаниясы осы туралы келісімге келді.

Ведомствоның мәліметінше, тараптар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық студенттерге Германияның 60 мың өндірістік кәсіпорнының кез келгенінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін дуальды білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылатын болады.

«Қазіргі уақытта Тюрингия қаласындағы колледждермен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. Олардың білім беру моделін зерделеп, академиялық мобильділігімізді пайдаланғаннан кейін, алмасу бағдарламасына мектеп түлектері, колледж студенттері қатыса алады», - деді Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады. Сондай-ақ колледж педагогтері үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.