Еліміздегі ең үлкен скейт парк Қонаевта ашылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне сыйлық.
Қонаев қаласында еліміздегі ең үлкен скейт парк ашылды. Онда скейт пен самокат тебуден әлемдік жарыстарды өткізуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Бұл паркте қаланың жастары, жасөспірімдері, скейтке, самокатқа, жалпы бұқаралық спортқа қызығатындар өздерінің шеберліктерін шыңдап, шыныға алады.