Еліміздегі ең арзан пәтерлер қай қалаларда?

Еліміздегі ең арзан пәтерлер қай қалаларда?
Сурет: Elorda.info

Ең қымбат қалалар арасында Алматы, Астана және Шымкент көш бастап тұр.

Ақтауда баспананың бір шаршы метрінің бағасы өткен жылы 11,5 пайызға өсіп, 301 725 теңгені құраған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Azattyq Ruhy сайтының жазуынша, одан арзан пәтерлер Қызылорда мен Ақтөбеде орналасқан: бір шаршының бағасы  234 750 және 292 025 теңгені құрады.

Ақтөбеде баспана арзан болғанмен, өткен жылы қымбаттапты. Мұнда 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында баға 21 пайызға өскен. Былтыр осы уақытта пәтер құны 9,6 млн теңге болса, қазір оның құны 12 млн теңгеге жуық.

Баспана құны қымбаттаған қалалардың арасында екінші орында Семей тұр. Мұндағы пәтерлер 2,5 миллион теңгеге өскен.

Үшінші орында – Қостанай. Бұл қалада, мәселен, бір бөлмелі пәтер 1,8 млн теңгеге қымбаттапты.

Ал баспана жағынан ең қымбат қалалар арасында Алматы, Астана және Шымкент көш бастап тұр. 2022 жылдың аяғында бұл қалаларда бір шаршы метрінің құны тиісінше 698 125 тг, 483 000 тг және 425 900 тг болған.