Елімізде жас кітапханашылар байқауы өтуде

Елімізде жас кітапханашылар байқауы өтуде
Сурет: 24.kz

Астанада өтіп жатқан республикалық додаға елміздің барлық аймағынан 40-тан аса кітапханашы жиналған.

Қатысушылар өздерінің тың жобасын ұсынып, оны жүзеге асыру жолдарын талқыға салуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылар осымен екінші мәрте өтіп тұрған сайыс жас мамандардың заманауи кітапхана жүйесін қалыптастырып, тәжірибе алмасуына көмектеседі дейді. Сондай-ақ, жиында елімізде кітапханашылар ұйымын құру мәселесін көтерді.

 «Кітапханаға түрлі оқырмандар келеді. Соларға сай қызмет ету керек. Оқырмандардың да талабы әр түрллі. Сондықтан, түрлі жобалармен жұмыс істеу кітапханалардың жоспарына еніп кетті. Қазір 10 жоба таңдап алдық. Жас мамандар кейстерін қорғап жатыр. Оған қазылар алқасы бар. Біз міндетті түрде жеңімпаз болған жобаны хабарлаймыз», - дейді ҚР ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы.

.