Елімізде Toyota зауытын ашу туралы келіссөз жүріп жатыр

Елімізде Toyota зауытын ашу туралы келіссөз жүріп жатыр
Сурет: Ult.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Қазақстандық автоөндірушілер жапониялық Toyota корпорациясының зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Toyota – біздің еліміздегі ең танымал брендтердің бірі. Әрине, біздің өндірушілер келіссөз жүргізіп жатыр. Бизнес корпорациялар бұл мәселені мемлекеттік органмен талқыламайтын шығар, өйткені ол техникалық мәселе: кім қанша ақша құяды, қандай құзыреттер, сату нарығына қаншалықты дайын. Келіссөз жүріп жатыр, оң шешім шыға ма, жоқ па, оны білмеймін», - деп жауап берді Өскенбаев.