Елімізде телерадиохабар тарату тоқтатылады

Елімізде телерадиохабар тарату тоқтатылады
Сурет: интернеттен

"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Қазақстанда осы сенбіде теледидар мен радио шамамен 14 сағат жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазтелерадио" АҚ таратқан мәлімет бойынша, 2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) "Қазмедиаорталығының" хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.

"Сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады. Осыған байланысты көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз", – делінген хабарламада.