Елімізде рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды

Елімізде рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды
Сурет: M24.ru

Қазақстанда бұл турнир 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.

Елордада рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды. Оған 13 елден 116 шебер жасөспірім қатысуға келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әрқайсысы өздерінің туған елдерінде текшені құрастырудан рекорд жаңартқан. Енді осы екі-үш күнде интеллектуалды жарыстың мықтылары жылдамдылық пен төзімділіктен бақ сынайды.  Пандемиядан кейін сайысқа деген қызығушылық артты. Жалпы текшелерін оңды-солға бұрып, бір түске жинауға бірнеше секунд қана кетеді дейді қатысушылар. Жұмулы көзбен де текше жинаудан жарыс өтеді.