Орталық Азия форумында Түркістан декларациясы қабылданады

Орталық Азия форумында Түркістан декларациясы қабылданады Сурет: Мassaget.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.


Биыл 9-10 ақпанда Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Парламентаралық форумға Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысады деп жоспарлануда.



"Орталық Азияның бірінші парламентаралық форумын өткізу Орталық Азия елдерінің заң шығарушы органдары арқылы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша алаң құру процесін бастауға мүмкіндік береді", - деді Смадияров.



Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясын қабылдау жоспарлануда.


СІМ іс-шара былтыр шілдеде Қырғызстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында өткізілетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14