Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Сурет: Elorda.info

Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 381 соғыс ардагері және Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге үлес қосқан 97 758 азамат тұрып жатыр.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

"Соғыс кезінде қазақ жерінен 1 млн 200 мыңға жуық адам майданға аттанды, 20-дан астам атқыштар дивизиялары және басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандық медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – шайқаста қаза тапты, хабар-ошарсыз  кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады. Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлеріннің қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді, олар майданды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуге бар күшін салды", - деді вице-министр. 

Руслан Сәкеев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.