Елімізде қанша кедей отбасы бар?

Елімізде қанша кедей отбасы бар?
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде 102 мың отбасы АӘК алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АЕК алатындар жайлы айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

«Бүгінде біздің елде кедейлік шегінен төмен деңгейдегі отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  төленеді. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алатын 538 мың адам немесе 102 мың отбасы бар. Егер өткен жылмен салыстырсақ, былтыр АӘК-ні 700 мыңнан астам адам немесе 141 мың отбасы алды. Көріп отырғанымыздай, АӘК алатындар саны азайып келеді. Енді осының ішінде балалардың үлесі 65 пайызды немесе 355 мың баланы құрайды. 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1-6 жастағы балаларға қосымша түрде кепілдендірілген төлем беріледі. Әр бала үшін 1,5 АЕК төленеді», - деді ол. 

Сағындықова атап өткендей, 2019 жылы 250 мың отбасы көпбалалы ретінде жәрдемақы алса, қазір олардың саны 545 мың отбасыға жетті.

«Мемлекеттен көмек алып жатқан отбасылар саны артып отыр», - деді ол.