Елімізде инвесторларға қолдау күшейеді

Елімізде инвесторларға қолдау күшейеді
investopedia.com

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инновацияға ақша салатын инвесторларға қолдау күшейетінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің сайлауалды бағдарламамда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды әзірлеу туралы бастама көтерілген. Әзірленіп жатқан заң жобасы экономиканың даму қисынын ғылым мен инновация негізінде айқындауы қажет. Бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары, технопарктер мен конструкторлық бюролар сияқты инновациялық инфрақұрылым құру бағытында жеке бастамаларды қолдаудың сөз жүзіндегі емес, пәрменді шаралары қажет. Табысты шетелдік тәжірибелерді пайдалану керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент инновациялық жобаларды іске қосудың негізгі көзі венчурлік қаржыландыру болуы тиіс екенін атады.

«Сондықтан отандық және шетелдік инвесторлардың жобаларға деген қызығушылығын арттыру үшін барлық құқықтық және қаржылық мәселелерді шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.