Елімізде инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Елімізде инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Сурет: Strategy2050.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтті

Елімізде инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірге инвестициялық ахуалды және бизнес ортаны әрі қарай жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылады. Сондай-ақ, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізінен жеке инвестицияларға басымдық беріледі. Бізге еліміздің экономикасын қалпына келтіру мен дамытудың драйвері болатын жобалар қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы қазақстандық бизнесті ұлттық экономикаға белсенді түрде инвестиция салуға шақырды.

«Ал мемлекет өз кезегінде жекеменшіктің және заң үстемдігінің тұрақтылығына кепілдік беруі тиіс. Инфрақұрылым бизнестің бәріне бірдей қолжетімді болуы қажет», - дейді ол.