Елімізде алғаш рет экологиялық тақырыптағы мультсериал жасалды

Елімізде алғаш рет экологиялық тақырыптағы мультсериал жасалды
Сурет: Qazaqstan.tv

Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл балаларға қызықты анимациялар арқылы көрсетіледі.

Елордада алғаш рет экологиялық тақырыпта жасалған қазақша мультсериалдың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Балаларға арналған қысқа анимациялық бейнешығарылымдар жеті тақырыпқа бөлінген.

Сериалдың басты мақсаты – өскелең ұрпақты ғаламшарға, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу.

Туындыда табиғатқа жанашырлық танытып, қамқорлық жасаудың қарапайым қағидалары сынды маңызды тақырыптар қамтылған.