Елімізде әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді

Елімізде әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді
Сурет: Ken-zhyloi.kz

Қазақстанда әйелдер вагондары 2021 жылы пайда болды.

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытпен толығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлемеді.

«Мұндай вагондар үш пойыздың құрамына кіреді: №3/4 Астана-Алматы, №33/34 Алматы-Ақтөбе және №71/72 Астана-Шымкент», деп хабарлады  компания өкілдері.

Әйелдер вагондары бар пойыздар қазірдің өзінде келесі бағыттар бойынша жүреді:

№77/78 «Алматы - Маңғыстау»
№351/352 «Алматы - Өскемен»
No37/38 «Маңғыстау – Семей»
№47/48 «Астана - Атырау»
№45/46 «Павлодар – Түркістан».