Елімізде 551 мектеп директоры ауысты

Елімізде 551 мектеп директоры ауысты
Сурет: Elorda.info

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов білім беру ұйымдарының басшылығы не үшін ауысқаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі уақытта 551 директор ауысып, жаңа білім беру ұйымында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) аудандық білім беру бөлімдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары, дербес кәсіби одақтардың бірінші басшылары үшін бұйрық нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.