Жөндеу қызметіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

Жөндеу қызметіне өзгеріс енгізілуі мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Ал өнеркәсіптегі қауіпсіздік қағидасы қайта қаралып, жөндеуге қатысты шекті тариф бекітілмек.

Мәжіліс отырысында депутат Бауыржан Смағұлов осындай бастама көтеріп, Үкімет басшысына сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, сонда ғана жылумен қамтудағы проблеманы реттеуге болады. Жалпы 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы елдегі энергетикалық кәсіпорындарда апат саны 23 пайызға көбейген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Энергетикалық кәсіпорындарда жүргізілген аудиттің қорытындысы көңіл көншітпейді. Биылғы бірінші қаңтардағы жағдай бойынша жылу өндіру саласында 37 энергия көзі жұмыс істейді. Олардың құрылғанына 61 жылдан асқан. Тиісінше материалдық жабдығы 66 процентке тозып тұр. Кейбір қалаларда тіпті 80 пайыздан асады. Бүгінде Мәжілісте заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат энергетика саласындағы мемлекеттік бақылауды айтарлықтай күшейтуді көздейді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Смағұлов.