Электр көлігін әкелудегі заңсыздықтар

Электр көлігін әкелудегі заңсыздықтар
Сурет: ашық дереккөз

Әлемдік тенденцияның ықпалы болар, оның үстіне жақсы техникалық сипаттамасы бар электр көлігін әкелу кезінде мемлекеттік төлем түрлерінен босату сұранысты арттырды.

Негізі кәсіпкерлік қызметке жатпайтын жеке пайдалануға  жылына тек бір  машинаны кіргізуге рұқсат бар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Алайда іс жүзінде электр көлігі жеке пайдалану үшін деп рәсімделгенімен, кейіннен қайта сатылған. Мұндай заңсыздықты 8 автосалон бұзған. Алматы қаласы бойынша көлік прокурорлары 34 қайта сату оқиғасын анықтады. Нәтижесінде  мемлекетке келген  болжамды шығын 100 млн теңгеден асқан. Мысалы, «Li Auto» (Li 7 және 9) маркалы автокөліктің жағдайына тоқталар болсақ, уәкілетті органның ұстанымына сәйкес, бұл көлік электромобиль санатына жатады. 141 автокөлікке (кеден өкілдері, декларанттар)  7 жағдайда гибрид коды қолданылған, мұның өзі бюджетке шамамен 80 млн теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқығының бұзылуына әкеп соқтырған. Осыған орай қазір шара қолданылуда.