Алматыда оқушылар офлайн оқуға оралады

Алматыда оқушылар офлайн оқуға оралады
Сурет: ашық дереккөз

Ауа райының күрт бұзылып, сарышұнақ аяз болуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға көшірілген.

Алматы қаласының Білім басқармасы 2023 жылғы 15 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 желтоқсанда Алматыда  күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8 аяз.