Елде «Жас ғалым» бағдарламасы іске қосылды

Елде «Жас ғалым» бағдарламасы іске қосылды
Сурет: Dauletten.kz

Президент тапсырмасына сай, еліміздегі жас ғалымдар баспанамен қамтыла бастады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдаған «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде семейлік Назерке Мүслимова елімізде алғаш болып баспана кілтіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Білікті маман Шәкәрім университетінде тамақ өндірісін ғылыми тұрғыда жетілдіру бойынша жылдар бойы түрлі зерттеулерді іске асырып келеді. Бірнеше жобаның авторы. Жас ғалымдарды баспанамен қамту бағдарламасы Отбасы банк пен Министрлік арасындағы келісім аясында іске асқан. Бағдарламаға қатысушының жасы 40 тан аспауы тиіс. Ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі 3 жыл және дәрежесі магистрден төмен болмауы керек.

«Жас ғалым» бағдарламасы арқылы алдым. Барлық құжаттарды рәсімдеуге оншақты күн ғана кетті. Жаңа жылдың қарсаңында бізге тосын сый болды. Қазір Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау министрлік тарапынан өте жақсы жүріп жатыр. Әріптестерімнің барлығына осындай мүмкіндікті қолданып, өздерінің баспаналарын алуға тілектеспін», - деді техника ғылымдарының магистрі Назерке Мүсілімова.