Елбасы академик С.Қирабаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы академик С.Қирабаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: 24.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым Серик Қирабаевтың дүние салуына байланысты отбасына көңіл айту хатын жіберді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына жеделхат жолдап, көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

«Саналы ғұмырын ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым болатын. Ол ұлағатты ұстаз еді. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды», - делінген жеделхатта. 

Елбасы Серік Смайылұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.