Ел тарихындағы ең жас депутат

Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Мәди Ахметов 25 жасында Мәжіліс депутаты болды.

Ол – ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Студент кезінен-ақ қоғам өміріне белсене қатысқан. 2016 жылы Алатау ауданы белсенділерінің, ал 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы Универсиадада бес жүз еріктінің үйлестірушісі болған. 2017 жылдың наурызында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды. Жұмыс барысында жастар ұйымының жұмысына жаңа серпін берді, жоғары ұйымдастырушылық және басқару қабілеттерін көрсетті. Белсенді жастардың бастамасымен келесі жылы «Jas Qadam» қоғамдық қорын құрды. Қысқа мерзім ішінде аталмыш ұйым көптеген әлеуметтік маңызды жобаны ұйымдастырды. Қоғамдық қызметімен қатар, «Елдің зияткерлік әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015–2017 жылдары «Қазақ елі» республикалық студенттік ғылыми-зерттеу экспедициясының жетекшісі болды. Экспедиция қорытындысы бойынша «Ауылға хат» ақпараттық компаниясының материалдары шығарылды.

АНЫҚТАМА

  • Алматыда 692 мыңнан астам жас тұрады. Оның 233 мыңнан астамы – студенттер.

  • Алдағы бес жыл ішінде «NEET» санатындағы 3 мыңнан астам жас кәсіптік оқудан өтеді.

  • «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде 5 мың жас уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

  • 25 жоғары оқу орнында 16 мың орынды 38 жатақхана, 2 колледжде 600 орынды 2 жатақхана салынады.

  • Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмысшы жастар 5 мыңнан астам пәтер алады.

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлының мұрасы және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Айтпақшы, ол – небәрі 23 жасында деканның орынбасары қызметіне тағайындалған білімді де іскер жігіт.

Жас депутат өзіне жүктелген міндеттің жауапкершілігін жете сезінетінін, сондықтан білімі мен күшін осы жолға салатынын айтты. Ол жаңа лауазымда қазақстандық жастардың мәселелерімен, атап айтқанда, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, жас отбасыларды әдеуметтік тұрғыда қолдау, олардың баспаналы болуына жағдай жасау, ауыл жастарын қолдау сынды өзекті тақырыптарды көтермек.

Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *