Екпе алуда белсенді

Алматы қаласының Түрксіб ауданының тұрғындары вакцина салдыруда белсенділік танытып отыр. Осы уақытқа дейін ауданның 29 мыңнан астам тұрғыны екпе алған. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров айтты.

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңцында өткен брифингте аудан әкімі тұрғындардың вакцина алуына ауданда барынша жағдай жасалғанын мәлім етті.

«Аудан тұрғындарынаа ыңғайлы болу үшін емханалардағы 14 пунктен бөлек қосымша «Mart» сауда орталығында, Жетісу базарында, Түрксіб жәрмеңкесінде, «Аяжан» колледжінде, «Жас қанат» шағын ауданындағы   Абдулла мешітінде вакцинация пунктері ашылды. Сондай-ақ ауданда вакцинаны мекемелерге бюарып салатын арнайы мобильді топтар да жұмыс істейді», деді әкім.

Әкімнің айтуынша, ауданда жалпы медицина саласының дамуына баса назар аударылады. Алдағы уақытта «Нұр шашқан», «Әлмерек», «Қайрат» шағын аудандарында амбулатория, емханалар салынбақ.

Пандемияға байланысты аудандағы карнтиндік шаралардың сақталуын қатаң бақылау үшін Түрксіб ауданында 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар осы уақытқа дейін 2700-жен астам мекемені тексеріп, 200-дей тәртіп бұзушылықты анықтаған, олардың 29-ына шара қолданылды. Мониторингтік топтардың жұмысы ары қарай да жалғасады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *