Экология министрі жауапкершілікке тартылуға әзір екенін айтты

Экология министрі жауапкершілікке тартылуға әзір екенін айтты
Сурет: Inform.kz

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазіргі таңда Бас Прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Егер оның барысында жұмысыма қатысты сауалдар туындайтын болса, онда ол үшін біз жауапкершілікке тартылуға әзірміз», - деп пікір білдірді Зүлфия Сүлейменова.

Сонымен қоса ведомство басшысы Семей орманындағы өртті жедел ауыздықтауға кедергі болған жағдайларға да тоқталды.

«Абай облысындағы өрт оқиғасына материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Қазір қолданыстағы техникаларды есептен шығару қажет», - деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.