Туризмді дамыту бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда

Туризмді дамыту бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда Сурет: ашық дереккөз

 Былтыр құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



«Елімізде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, өткен жылы құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Осы жобалардың ішінде Балқаш курорттық аймағында инженерлік коммуникациялар салу, Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автокөлік жолының құрылысы аса маңызды болып саналады. Сонымен қатар, Үшарал және Үржар әуежайларының іске қосылуы маңызды оқиға болды, бұл әуе тасымалы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті», - деді министр.



Оның айтуынша, биыл 439,3 млрд теңгеге 83 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр.



«Туристік инфрақұрылымды дамыту проблемасын шешу мақсатында елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп тоқталды Асхат Оралов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08