Екібастұздағы жылу магистралін жөндеуге өзге өңір бригадалары тартылуда

Екібастұздағы жылу магистралін жөндеуге өзге өңір бригадалары тартылуда
Сурет: Tengrinews.kz

Екібастұздағы жағдай біртіндеп ретке келтірілуде.

Екібастұздағы жылу магистралін жөндеу жұмыстарына өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін қаланың Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан, атап айтқанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) жеткен жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті.

Сондай-ақ, Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні сағат 1:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.