Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері Әулиекөл мектебіне сыйлық жасады

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері Әулиекөл мектебіне сыйлық жасады
Сурет: Egemen.kz

Испаниядан келген Димаш Құдайбергеновтың фан-клубы Әулиекөл ауданындағы орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына сыйлық жасады.

Олар «Қайырымдылық» қоғамдық қоры арқылы Әулиекөл ауданындағы Өнер мектебіне балаларды музыкалық сауаттылыққа баулу үшін музыкалық аспаптар сатып алуға 1000 еуро аударған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

29 қараша күні Әулиекөл ауданындағы өнер мектебіне музыкалық аспаптар салтанатты түрде табыс етілді.

Шара барысында қор құрылтайшыларын өнер мектебінің оқушылары жылы қарсы алып, концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. «Қайырымдылық» қоғамдық қорының төрағасы Б.Ахметов балаларға шығармашылық табыс тіледі.

Мереке соңында ата-аналар қауымы атынан мектеп ұжымы Димаш Құдайбергеновтың Испаниядағы фан-клубына және «Қайырымдылық» қоғамдық қорына алғыстарын білдірді.