Эден де кетті ма?

Эден де кетті ма?
Сурет: www.readfootball.com

Бельгиядан шыққан танымал футболшы Эден Азар 32 жасында спорттағы мансабын аяқтады.

Бұл туралы instagram желісіндегі парақшасында жазып, жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Кез келген нәрсені уақытында тоқтатқан жөн деп санаймын. 16 жыл ішінде 700-ден асық ойынға қатысқаннан кейін спорттағы кәсіби мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Мен өз арманымды орындадым. Мен әлемдегі ең әдемі стадиондарда доп теуіп, одан ләззәт алдым. Мансабымда ең мықты деген жаттықтырушылар мен ойыншылар әріптес болды. Барлықтарына алғыс айтамын. Өзім ойнаған "Лилль", "Челси", "Реал" клубтары мен Бельгия құрамасына алғысымды айтамын. Мені қолдаған отбасым, достарым мен кеңесшілеріме жеке ризалығымды білдіремін. Әрине, маған жанкүйер болған жандарға құрметім шексіз. Алаң сыртында жолыққанша, достар, - деп жазды футболшы. 

Футболшы маусым айында "корольдік клубпен" келісімшартын уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Мадридік клуб сапында екі рет Испания чемпионы атанды, бір рет Испания кубогы, Чемпиондар лигасы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.