Дзюдодан Азия біріншілігінің екінші жарыс күнінде екі спортшымыз қола медальға таласады

Дзюдодан Азия біріншілігінің екінші жарыс күнінде екі спортшымыз қола медальға таласады
Сурет: Olympic.kz

Ерлер арасында 81 келіде бақ сынайтын Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Хваннан жеңіліп, қолаға күресу мүмкіндігін алды. 

Ал қыздар арасында 63 келіде сынға түскен Эсмигуль Куюлова жапон спортшысынан ұтылған соң, жұбаныш белдесуінде үнділік спортшыны жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Бүгін татамиге шыққан басқа спортшыларымыз жүлдеге жақындай алған жоқ. Олардың қатарында былтырғы Азия чемпионы Данияр Шамшаев та бар. 

Кешегі жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Оның бірін Ғалия Тынбаева (48 келі), екіншісін Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншіледі.