Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалғандар табылды

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалғандар табылды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Кеше, яғни 20 сәуір кешкі сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты.

Екі ересек адам және бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Көмек сұрап жоғалғандардың танысы хабарласты.

Түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, оларға медициналық көмек қажет емес.

Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды.

Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.