Дубай-Алматы рейсінің жолаушылары жолдан қалды

Дубай-Алматы рейсінің жолаушылары жолдан қалды
сурет:tengrinews.kz

«Эйр Астана» жолаушылары «техникалық себептерге байланысты» Дубайдан ұшып шыға алмай отыр.

Дубай-Алматы рейсінің жолаушылары БАӘ-нен екінші күн ұшып шыға алмай отыр. Салондағы шамдарының ақау шығып, рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Жолаушылар қонақүймен және тамақпен қамтамасыз етілген. Әуе компаниясының инженерлері қазірдің өзінде Дубайда және ақауларды жоюмен айналысуда. Қосалқы бөлшектер сәтті ауыстырылған жағдайда, Дубайдан шығатын рейс жергілікті уақыт бойынша 21.45-те ұшуы тиіс. Сондай-ақ ұшудың балама нұсқалары қарастырылады», - деп хабарлады «Air Astana» әуе компаниясы.