Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады
Сурет: 24.kz

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452, 5 теңге.

Қазақстан қор биржасының мәліметіне сай, 1 доллардың бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,87 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 457,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге.

Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455, 63 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 452, 5 теңге, сатып алу – 455,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу құны – 455 теңге.