Доллар бағасы бес теңгеге түсті

Доллар бағасы бес теңгеге түсті
Сурет: 365info.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,43 теңгеге төмендеп, 1 доллар 457, 29 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 36 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 456 теңге, сатып алу – 460 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 455 теңгеден болса, сатып алу – 458

Алматыда Ресей рублі 5,75 – 6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,9 - 5,95 теңгеден сатылуда.