Дипломмен - ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі

Дипломмен - ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі
Сурет: Inform.kz

Бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Дипломмен - ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», - деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роман Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы жайында айтты.