Динозавр, тираннозавр, мамонттар...

Динозавр, тираннозавр, мамонттар...
paleontol.ru

Елдегі Ұлттық мұражайда «Палеонтология» көрме залы ашылды.

Салтанатты жиынға Мәдениет және спорт министрі мен мұражай басшылары қатысты, деп хабарлйды almaty-akshamy.kz

Мұнда көне замандағы жануарлар әлемінің байлығымен танысып, олардың даму эволюциясын көруге болады. Көрмеде үлкен мүйізді бұғы, тираннозавр, мамонт секілді жануарлар мен Қазақстан аумағынан табылған басқа да тіршілік иелерінің қаңқалары қойылған. Жалпы саны 263 экспонат қойылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты Жолдауы шеңберінде  «Қолөнершілер орталығы» да орын тепкен. Орталық отандық қолөнерді қолдауға бағытталған.

- Динозаврлар кезінен келе жатқан осы Ұлы Дала бойында қандай тірліктер болды, қандай мәдениет болды, салт-дәстүрлері болды, соны паш етеміз. Өзіміздің академиктер 30 жылда жинаған еңбектерін археология арқылы осы залда паш етіп жатыр. Бұл өте қызықты, заманауи және балалар қызығады деген форматпен жасалып жатқан қадамдар, - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.