Димаш Құдайберген түсірілімдерге қатысу үшін Қытайда жүр

Димаш Құдайберген түсірілімдерге қатысу үшін Қытайда жүр
Cурет: Astanatv.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген шығармашылық түсірілімдерге қатысу үшін Қытайда жүр

Димаштың Еуразиядағы фан-клубының жазуынша, әнші Қытайға ұшып келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Әртістің өнер көрсетуін, Аспан асты елінің маңызды күзгі іс-шараларына қатысуын күтеміз. Ондай мерекелердің бірі – Күздің орта мезгілінің мейрамы», - деп жазады фан-клуб.

Айтылып өткендей, Димаш Құдайберген 5 жыл бұрын China Mid-Autumn festival Gala шарасына қатысты. Онда Қытайдың әнші қызы Wang Li-мен бірге «You And Me» композициясын орындады. Ал 2019 жылы қазақстандық әртіс Қытай тұрғындарын мерекемен құттықтап, фотосурет орналастырды.

Қытайға Лос-Анджелестен ұшып келгенін Димаштың өзі де жазып жатыр. Айтуынша, ол CCTV үшін түсірілімдерге қатысады.