Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі келтірген

Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі келтірген
Сурет: Ашық дереккөз

Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылды

Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тексеру барысында деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 адамның мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-бөлігімен «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңгедан айыппұл салынды», - делінген полиция мәліметінде.