БҚО-дағы тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан төрт адамның кімдер екені белгілі болды

БҚО-дағы тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан төрт адамның кімдер екені белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жеткенін, қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адамның зардап шеккенін хабарлаған. ҚР ТЖМ опат болған төрт адамның тікұшақ экипажы екенін нақтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Тікұшақтың жерге бар екпінімен қонуы салдарынан ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" қызметкерлері қаза тапты. Біздің қызметкерлер", - деді ҚР ТЖМ-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған. 

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған. Құзырлы ведомство аталған оқиға салдарынан 4 адамның қаза тауып, екі адамның зардап шеккенін жеткізді.