Денсаулығына байланысты вакцина алмайтын қазақстандықтар «жасыл» статус алады

Денсаулығына байланысты вакцина алмайтын қазақстандықтар «жасыл» статус алады
Сурет: Qazaqtv.com

Елордада денсаулығына байланысты вакцина алмағандар үшін де "жасыл" статус жанады

Денсаулығына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина алуға болмайтын қазақстандықтар елордада қоғамдық орындарға баруға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Qazaqtv.com сайтының мәліметіне сәйкес, ол үшін адамдар медициналық қарама-қайшылықтар туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, бағдарлама әзірге толықтырылмаған. Медициналық анықтамасы барлардың статусы болашақта «Ашық» қосымшасында «жасылға» өзгереді.

«Учаскелік дәрігер берген анықтамасы бар, нақты медициналық қарама-қайшылықтары бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға баруға толықтай құқылы. Яғни ол ресми анықтаманы сол нысанның әкімшілігіне көрсетсе болды. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі анықтамасы барлардың статусы «Ашық» қосымшасында «көк» емес, «жасыл» болуы үшін анықтамаларды бағдарламаға кірістіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.