Алматыда екпе алғандар 1 миллионға жуықтады

Алматыда екпе алғандар 1 миллионға жуықтады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 4 436 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«12 қазан күні 4 436 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1764, II компонентін 2 672 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қазаны аралығында қалада 971 283 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 902 062 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 523 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакциналау пункттері жұмыс істейді», - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.