Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту
сурет: Ауарайы.com

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Қазгидромет» РМК-ның 2021 жылғы 22 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде 24-25 тамыз күндері Алматы облысының Іле Алатауы мен Жетысу Алатауының кейбір аумақтарында аз уақытты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.