Дағдарыста неліктен коммуникация соншалықты маңызды?

Дағдарыста неліктен коммуникация соншалықты маңызды?

 Қалалық мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметкерлері Алматыда бас қосты. 

Тәжірибелі медиа-тренерлер жеке тәжірибелеріндегі кейстерді келтіре отырып, дағдарыстық жағдайлардан қалай шығу керектігін айтты. Баспасөз қызметінің мамандары өз кезегінде PR және Digital саласындағы сарапшылардан кәсіби кері байланыс алды.

Екі күндік оқуды Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды. 

Коммуникациялар бойынша тренерлер Айбар Олжаев пен Гүлайым Оралбаева мегаполистің баспасөз хатшыларына, (олардың көпшілігі бұрынғы журналистер) стратегиялық коммуникация дағдыларын еске салды.

Тренерлердің айтуынша, баспасөз хатшыларының кәсіби өсуі мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен жариялылығын арттыруға ықпал етеді. Олар өз ведомстволарының мысалдарын негізге ала отырып, дағдарыстық жағдайлардан қалай шығуға болатынын іс жүзінде көрсетті, дұрыс стратегиялық жоспарлау туралы айтты.

Көпшілік күткен тақырыптардың бірі «Баспасөз хатшысы және дағдарыс» болды. Бұл блокты Айбар Олжаев жүргізіп, тренингке келушілердің барлығы қызығушылық пен белсенділік танытып, практикалық тапсырмаларды орындауға қатысып, сұрақтар қойды. PR қызметкерлері өз кезегінде, өз басқармалары, коммуналдық қызметтерге қарсы айтылатын жағымсыз пікірлерді қалай азайтуға болатынын үйренді.

Семинар тыңдаушысы Бақытжан Аманболқызының айтуынша, тренерлер БАҚ-мен жұмыс істеу, аймақтық коммуникациялардың ерекшеліктері, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, ақпаратты жылжытуды (тарату) автоматтандыруға мүмкіндік беретін жеке тәжірибелерін ортаға сала отырып, көптеген жайттың  қыр-сырымен бөліскен.

«Мұндай тренингтер өте пайдалы деп есептеймін, өйткені қарым-қатынас ортасы үнемі өзгеріп отырады, ал алынған білім осы өзгерістерге тез әрекет етуге мүмкіндік береді», - дейді жас маман Бақытжан Аманболқызы.

Тренингтің тағы бір қатысушысы, Медеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметкері Жанна Әнесова дағдарысқа қарсы жоспар құру пайдалы деп санайды. 

«Медиа тренер бөліскен кейстерді іс жүзінде міндетті түрде қолданамын. Бұл жай тренинг емес, психолог, журналист, стратег, қаржыгер және дағдарысқа қарсы менеджермен әңгіме болды», - деп бөлісті Ж.Әнесова.

Тренингке тәжірибелі пиаршылар келді, олардың арасында баспасөз хатшысы Анар Тастанбекова да болды. 

«Спикер Айбар Олжаев қазақстандық және шетелдік тәжірибені салыстыра отырып, дағдарыс жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы аудиторияның түйткілді сұрақтарына жауап берді. Көрермендер көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты білді деп ойлаймын, бұл, әрине, біздің күнделікті жұмысымызда бәрімізге пайдалы болады», - деді ол.