Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионатында ел қоржынына екінші алтынды салды

Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионатында ел қоржынына екінші алтынды салды
Сурет: Olympic.kz

Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. 

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді. 

Айта кетерлігі, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынын жерге тигізді. 

Ал 60 келіде жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді.