Дәулет Ергеш еркін күрестен әлем чемпионатында күміс жеңіп алды

Дәулет Ергеш еркін күрестен әлем чемпионатында күміс жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі санатта еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтық сында 79 келіге дейінгі салмақта қазақстандық грузин балуаны Владимир Гамкрелидзеден 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ергеш жартылай финалда америкалық спортшы Картер Староччиді 8-7 есебімен жеңді.

Бұған дейін грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Олжас Сұлтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.