Дәрумен тапшылығын қалай анықтауға болады - дәрігердің кеңесі

Дәрумен тапшылығын қалай анықтауға болады - дәрігердің кеңесі
Сурет: ашық дереккөз

Денеде маңызды нәрсе жетіспесе, ол белгілі бір функцияларды өшіре бастайды және жағдай жақсарғанша басқаларын азайтады. Дененің бұған қалай әрекет ететініне қарап, сізде белгілі бір витамин немесе минералдың жетіспеушілігі бар-жоғын анықтауға болады.

Қандай белгілер бойынша дәрумендердің тапшылығын өз бетінше анықтауға болады, деді Алматы қаласының No11 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ерғали Құрмашев.

Витамин тапшылығын қалай анықтауға болады

Шаштың түсуі – темір, мырыш тапшылығы

Аяқтың қысылуы - магний жетіспеушілігі

Құрғақ тері - А және Е витаминдерінің тапшылығы

Қатты шаршау – темірдің, D витаминінің тапшылығы

Дененің өте оңай көгеруі, кішкентай жаралардан кқбірек қан кетуі - К және С

витамин жетіспеушілігі

Жиі суық тию – мырыштың, С және Д витаминдерінің жетіспеушілігі

Тырнақтардағы ақ дақтар - мырыш тапшылығы

Төмен сүйек тығыздығы, сапасыз тістер – С витамині және кальций тапшылығы

Сезімтікті жоғалту, ұйқышылдық, аяқ-қолдардың қышуы - В12 витаминінің жетіспеушілігі

Тері пигментациясының бұзылуы (денеде дақтардың пайда болуы) - мыс тапшылығы

Қабыршақ тері - ақуыз, коллаген, С витаминінің жетіспеушілігі

Ауыз жиегінің ағаруы - В2 витаминінің жетіспеушілігі

«Осы белгілерді байқаған жандар өзі тіркелген емханадағы дәрігерге барып, витамин тапшылығын растай алады. Бұл кез келген аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қандай да бір белгілер пайда болған жағдайда сақтандырылған науқастар ӘМСҚ пакетінде қажетті талдауларды тапсырып, тексерілуден өте алады», - деп түсіндірді дәрігер.