«Дәулет Бекет» шаруашылығы түйе саны бойынша әлемде екінші орын алады

Алматыда мектеп ауласы мен спорттық кешендерде иттерді серуендетуге тыйым салынады.
1 мамырда Астанада Бейбітшілік монументі алдында 500 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқасын» тартады.
АШМ-гі шегіртке қаптаған аймақтардың электрондық картасын жасады.
Елімізде 1071 этномәдени бірлестік бар.
Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтататын болды.
Ақтөбеде 8 мың пәтер салынбақшы.
Әзиз Санжар химия саласы бойынша түркі әлемінен шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының лауреаты. Ол таяуда Алматыға келді.
Жер сатылмайды және шетелдіктерге жалға берілмейді. Сенат осындай түзетулермен Жер туралы заңды қабылдады.
Алматыдағы сауықтандыру орындарында жазғы демалыста әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан 4 мыңнан астам бала демалады.
Алматылық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 250 мың теңгеден бір жолдық әлеуметтік көмек көрсетілмекші.
Шаһардың аулалары мен қызмет көрсету орындарында 115 мың бейнекамералар орнатылған.
Жалпықалалық сенбілікте 1500 КамАЗ қоқыс шығарылды.
Алматының 50 драйверлер жобасы аясында 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақшы.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі дыбыстан жылдам ұшатын қару ойлап табылғанын мәлім етті.
Фермерлік шаруашылықтар 20 мыңнан 100 мыңға дейін өседі.
«ҚазАгро» фермерлерді несиелендіруге 50 млрд. теңге бөледі.
Елімізде ресми мәлімет бойынша 400 мыңнан астам жұмыссыз бар. 2,7 млн. адамның жұмыс статусы анықталмаған.
Жастықсыз ұйықтауға болмайды, себебі мойын және омыртқаның бұлшық еттері қысылып қалады. Жастыққа басыңыз ғана емес, мойныңыз да толық тиіп жатуы тиіс. Егер аллергияңыз болса, синтетикалық жастықты таңдаңыз.
100 жаңа оқулықтың 18 кітабы мамыр айының соңына дейін ЖОО-ларға жеткізіледі.
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.
Елімізде 2 жыл ішінде 128 млрд.-тан астам теңгеге медициналық техникалар сатып алынды.
Мәскеудегі Ресей билеушілері аллеясында Ельцинге бюст орнатылды. Бір ғажабы, оның бейнесі Горбачевтің қасына қойылды.
Бас прокуратураның мәліметінше, Астана, Алматы, ОҚО, ШҚО, Алматы облыстары қылмысы көп аймақтар деп танылды.